Өңірдегі мешіттер мен ғибадатханалардың құрылысы қаншалықты заң талаптарына сәйкес? Мешіт салар кезде оның сәулеті, ғимараттың бекемдігі құрылыс қадағалайтын мекемелердің тексеруінен өтеді ме?
Облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес мәжілісінде жоғарыда аталған және өзге де бірнеше өзекті тақырып талданды.. Мәжіліске кеңес мүшелері, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директоры қатысты. Онда «Облыстың қала, аудандары елді мекендерінде табыну орындары, яғни мешіттер мен ғибадатханалар құрылысының қажеттілікке және Қазақстан Республикасының заңдылықтары талаптарына сәйкес жүргізілуі туралы» облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Б.Дүйсебеков баяндама жасады. Өңірде осы аталған мәселеге қатысты талдау жасалды. Ал «Қазығұрт ауданы бойынша діни ахуал жағдайы туралы» облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес мүшесі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесісінің мүшесі З.Оразбайдың талдамасы тыңдалды. Сол сияқты «Төлеби ауданы бойынша діни ахуал жағдайы туралы» облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес мүшесі, саясаттанушы, «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі С.Мәжінбеков баяндама жасады. Кеңес мәжілісі барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасулар болды.