Арнайы мониторингтік топ тексеру жұмыстарын жүргізді

Қысқаша

Жылда қайталанатын жағдай. Жаздың соңғы айында теміржол кассаларының алдында сапырылысқан адамдар. Барлығының еститіні бір жауап – билет жоқ.

39.jpgЖылда қайталанатын жағдай. Жаздың соңғы айында теміржол кассаларының алдында сапырылысқан адамдар. Барлығының еститіні бір жауап – билет жоқ.

Осы жағдай қаншалықты шын? Егер шын болса, себебі неде? Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жанындағы Жемқорлыққа қарсы Арнайы мониторингтік топ арнайы рейд ұйымдастырды. Арнайы топ мүшелері  Шымкент қаласындағы теміржол вокзалына барып, жағдайды өз көздерімен көріп, бар жағдайды бейнетаспаға түсіріп алған. Сондағы анықтағаны мынадай жағдайлар екен.

1) Вокзал кассаларында алдағы он күнге дейін еш билет жоқ екен.

2) Қолдан билет сататын саудагерлер болса, кез-келген бағытта кез-келген уақытқа “заңды” қылып билет алып бере алады. Тек қызметі үшін алатын қомақты ақшасын төлейсіз.

3) Алматы – Атырау пойызының жолсеріктері заңды бағасы алты мың бір жүз теңге болатын Атырауға дейінгі орынға кемі 10000 теңгемен ( үшінші полкаға) немесе жиырма мың теңгемен (екінші қабаттағы орын) алып кете алады екен.

Жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік топ бар көргендерін камераға түсіріп, құжаттап алған. Ол тиісті орындарға беріледі.