Жас кеденшілер мемлекеттік қызметті тұтынушыға бағдарлайды

Қысқаша

Жас кеденшілер үшін ерекше семинар тренинг ұйымдастырылды. Ол «Отырар» кітапханасында өтті және «Тұтынушыға қызметті бағдарлау» деген тақырыпқа арналған. Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы і

5.jpgЖас кеденшілер үшін ерекше семинар тренинг ұйымдастырылды. Ол «Отырар» кітапханасында өтті және «Тұтынушыға қызметті бағдарлау» деген тақырыпқа арналған. Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің қызметкерлері.

Сыртқа тауар таситын, болмаса шетелден тауар алып келетін кәсіпкерлер бірінші кезекте кеденшілермен бетпе бет кездеседі. Біздің елмен экономикалық қарым қатнасты енді бастаған кәсіпкерлерде дұрыс пікір қалыптастыру үшін жас кеденшілернді оқыту керек. Семинар-тренинг барысында жас тыңдаушыларға еліміздің электрондық үкіметті жандандыру саясаты мен адами капитал идеологиясына қатысты   мәселелермен қатар, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда өркениетті мемлекеттердің тәжірибесімен бөлісті. Іс-шарада ұлттық философия мен психологияға қатысты рухани құндылықтар туралы мәселелер де тыс қалмады.

Семинар-тренингті жүргізген Департаменттің бас маманы                                Г. Мұсабекова мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін әрбір қызмет көрсетуші болашақ үшін жауапты екендігін және оның жұмыс атқарудағы кәсібилігі халықтың ол жұмыс істейтін мекемеге және бүкіл мемлекеттік билікке берер бағасына айналатындығын ұмытпауы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ,  қызмет алушы мен қызмет беруші арасында болатын түрлі жағдаяттарда әдеп сақтай отырып, тығырықтан шығу жолдарына тоқталды.

Іс-шара соңында тыңдаушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мен регламенттеріне қатысты сұрақтар да қойылып, жан-жақты талқыланды.