Теріс діни бағыттағы топтардың мақсаттары түсіндірілді

Қысқаша

Қазақстан зайырлы мемлекет. Мемлекет дін істеріне арласпайды. Бірақ, егер мемлекетке сырттан келіп жатқан басқа діни ағымдар біздің зайырлылық принциптерімізге қайшы қимыл жасайтын болса, оған заң аясында қарсы тұрады. Біз өз ұстанымдарымызды қорғауымыз к

4.jpgҚазақстан зайырлы мемлекет. Мемлекет дін істеріне арласпайды. Бірақ, егер мемлекетке сырттан келіп жатқан басқа діни ағымдар біздің зайырлылық принциптерімізге қайшы қимыл жасайтын болса, оған заң аясында қарсы тұрады. Біз өз ұстанымдарымызды қорғауымыз керек.

Созақ аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырмасы және "Нұрлы Әлем" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Мемлекеттің зайырлылық принциптері" атты тақырып бойынша КАЗАТОМПРОМ SaURAN кенішінде жұмысшылармен кездесу өтті.  Оған ауданның бас имамы Мейрамбек Есіркеп, Созақ аудандық «Созақ үні» газеті редакциясының тілшісі Жандәулетов Біржан, Созақ аудандық орталық ауруханасының Созақ аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі Білісбаев Бекболат қатысты. Өндіріс жұмысшыларына теріс діни бағыттағы топтардың мақсатын түсіндіру, олардың алдын алу және ішімдік, есірткі, темекі секілді зиянды әдеттердің алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуде болған әңгіме жұмысшылар тарапынан қолдау тапты.

Жиналыс соңынан "Дін және Дәстүр тағылымы", "Дін мәселесі-рухани байлығымыздың бір тармағы", "Зиянды әдеттердің алдын алу" атты кітапшаларды таратты.