Елбасы ел халқына жолайған дәстүрлі жолдауларының бірінде: «Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатаң күшейту», - деп мәлімдеген болатын.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргiзу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттiк органдардың мiндетi емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы.
«Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес жөнiндегi қоғамдық кеңестiң және Түркiстан қаласы бойынша арнайы мониторингтiк топтың жұмыс жоспарына сәйкес семинар-тренинг өттi. Онда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мәселелер қаралды.
Кездесуде «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары А.Темiрбаев жемқорлықпен күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.
Жиында қалалық бiлiм бөлiмi басшысының мiндетiн атқарушы А.Батырбекова, Түркiстан қаласы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасының басшысы Н.Тағаев, қалалық жер қатынастар бөлiмi басшысының орынбасары Е.Жұматай, қалалық ауыл шаруашылығы бөлiмi басшысының орынбасары О.Арқабаев, қалалық «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесi төрағасының орынбасары Б.Раманқұловтардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып отырған жұмыстары тыңдалды.