"Дін және қазіргі заман" атты тағылымы мол кездесу өтті

Қысқаша

Әлемдік діндердің ішіндегі тазалықты дәріптейтін - Ислам діні.

image_1920x_5b33162fd68fa.jpg Ол адамның абыройы мен ар-ожданын жоғары қойып, әділдік пен бейбітшілікті ту ететін дін. Бейбіт қарым-қатынаста тіршілік етіп, тыныштықта тату-тәтті өмір сүруді уағыздайтын бұл дін адамды мейірімділікке шақырады. Тек қана Ислам дінін емес, өзге де діндерді алып қарасақ, әлемде лаңкестікті, экстремизмді, соғысты жақтайтын діннің жоқ екеніне көз жеткізуге болады. Елбасымыз Н.Назарбаев журналистерге берген «Ислам – бейбітшілік діні» атты сұхбатында: «Терроризм, экстремизм деген мәселе ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың басында шықты. Бірақ оны исламға апарып жабыстырудың ешқандай қисыны жоқ. Ислам бейбітшілікті қалайды, ал «ислам терроризмі» деп аталып жүрген нәрсенің діни де, ұлттық та белгісі жоқ» деп атап өткен еді.  
Қазір «діни экстремизм, терроризм, уаххабизм, сәләфизм» деген сөздер жиі айтылуда. Мұның бәрі құр адасушылықтан. Ал, адасушылық діни сауатсыздықтан туындайды.
Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округі «Монтайтас» мешітінде ауыл жастары арасында «Дін және қазіргі заман» тақырыбында кездесу өтті.
Жиынның мақсаты жастардың ислам дініндегі құндылықтар туралы мәліметтер алуға, өзінің ана тілі мен тарихын, отанын сүюге шақырып, діннің діңгегі – дәстүрімен беріктігін насихаттау болып табылады. Кездесуде мешіт имамдары жастарды жат ағымның жетегінде кетуден сақтандырып, дәстүрлі емес діндерден келетін қауіп қатерлерді түсіндірді.