БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Сирияға қатысты Астана процесінің сәтті өткені айтылды

Қысқаша

Мистураның айтуынша, Сирия мәселесін реттеу үшін жоғарғы деңгейдегі дипломатия қажет.

               

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі отырысында Астана процесінің жемісті өткені айтылды. Бұл туралы ұйымның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

                           

24.kz арнасының мәліметіне қарағанда, ол Астана процесінің тоғызыншы раундында Сириядағы жағдайға байланысты түйткілдердің талқыланғанын тілге тиек еткен.

Мистураның айтуынша, Сирия мәселесін реттеу үшін жоғарғы деңгейдегі дипломатия қажет.

"Қазақстан басшылығына бізге көрсеткен қолдауы мен халықаралық аренада асқан белсенділік танытып отырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Әсіресе Астана процесін атап өтуге болады. Кеше Мистура мырзамен біраз мәселені талқыладық, барлығы бір ауыздан бұл шараның жемісті болғанын айтып жатыр. Мистура мырза Ресей, Түркия және Иран мемлкеттерінің бірлесе ортақ шешімге келгенін басып айтты" - дейді РФ-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Дмитрий Полянский.