Түркістанда бұрын болмаған кәсіпорын салынады

Қысқаша

Түркістанда бұрын болмаған кәсіпорын салынады

Znalezione obrazy dla zapytania жем шөп кәсібі

Түркістан қаласына қарасты кәсіпкерлік бөлімі шаһарда  кәсіпкерлік саласын дамыту б ағытындабиылғы жылы елеулі еңбек етті. Өңірде ағайынның кәсіп ашуына жағдай жасалып, жеңілдетілген несиенің басым бөлігі де ауыл азаматтарына берілуде.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыс істеп келе жатқан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы қазірде қалада бірқатар кәсіпорындардың ашылуына ерекше ықпал етті. "Түркістанның  қасиетті суы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын жем өндірумен айналысады. Қазірге дейін мекеме үшін жем өндірісі тек жоспарда ғана болды. Алайда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының арқасында кәсіпорын ашуылуа үшін 4 млрд. теңге алуға мүдделі. Ендігі шығарылатын өнімді нарыққа шығару қана қалды. Жоба идеясы Түркістан қаласы үшін тың идея болмақ. Фермалардағы малдарды жеммен қамтамасыз ету бұрындары арнайы жұмысшыларды біраз әуреге салса, ендігі жерде аталмыш кәсіпорынның ашылуына байланысты аз уақытты алатын жұмыс болмақ.

Қазіргі таңда кәсіп бастауға ниетті жандарға мүмкіндік көп. Мемлекет әрекет жасаған адамның барлығына да қол ұшын созуда. Екі қолға бір күрек таппай жүргендерді алдымен оқытып, мамандық игертіп, тіпті оларға шәкіртақы төлеп, қолдарына диплом ұстатқан соң жұмыспен қамтуды да қолға алды. Ал, жеке кәсіп бастаушыларға қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие беріледі. Бұл дегеніміз бір шетінен халықты үкімет өлтірмейді дейтін масылдықтан арылтып, еңбекпен ақша тауып, өз арбасын өзі сүйреуге бейімдеу.