Сапалы өнімге сұраныс азаймайды

Қысқаша

Сапалы өнімге сұраныс азаймайды

416683a43374d9b374db1d6686e49b3e.jpg

Түркістан қалалық  индустриалды аймағының құрамындағы «Grand mix» ЖШС ағаш жиһаз шығаратын цехтан күніне 100-ден аса жиһаз шығарылып Қазақстанның түкпір-түкпіріне жөнелтіледі.

«Grand mix» ЖШС басшысы Камалжан Юлдашевтың айтуынша, цехта күніне 30 тонна жиһаз шығарылады. 

–Кәсіпкер ретінде іс бастағаныма 20 жыл уақыт болды. Индустриалды аймаққа кіргелі инфрақұрылыммен қамтамасыз етілдік. Мемлекеттен 500 миллион теңге несие алдық.  Қытайдан арнайы құрылғылар  сатып әкелінді. Жыл сайын сапа артып, тұтынушылар саны көбеюде. Біздің сайтымызға тұтынушылар тарапынан өтініштер жіберіледі. Күніне орташа есепте 30 тонна жиһаз тасымалданды. Алматы, Шымкент қалаларына ай сайын  80 миллион теңгелік тапсырыстар береді.

Маусым және қаңтар аралығында тапсырыстарды жасап үлгеру мүмкін емес болады. Ақпан мен сәуір аралығында сауда айналымы тоқтап қалады. Негізі, біздің халық жаңа үй салғанда немесе қыз ұзатарда жасау дайындау үшін ғана жиһаз алады. Той қай кезде көп жасалады, жиһаз да сол кезде өтімді өнім статусына ие болады. 

Түрістан облыс орталығы болғалы көптеген мекемелер көшіп келді. Сол мекемелердің барлығы жиһазды біздің цехтан алды. Бұл кезеңде сұраныс күрт  артты. Бізге қосымша цехтар қажет екенін ұғындық. Соған са сұраныс бердік. Кәсіпкер ретінде қоғамдағы кез келген қозғалысты қалт жібермеу керекпіз. Қазір мүмкіндіктер заманы. Бір оқиғаға әркім өз пікірімен қарайды. Ал кәсіпкердің көзі нарыққа басымдық беру керек. Мен «жұмыс жоқ» деп айтатын адамдардың сөзін «жұмыс жасағым келмейді» деп есітемін. 

Жасырып керегі жоқ, тұтынғанға дейін барлық клиент сапасына сенім артпайды. Біздегі отандық өнімге деген стереотипті жою керек. Жиһазды махаббатпен жасайтын маманның өнімі сапалы. Министр, депутаттар алдын кәсіпорынға келді. Біздің елде осындай өнім жасала ма деп  таңданып «шалқасынан түсті». Өткен ғасырда  «Coco Cola» сауда белгісінің маркетинтегі орнын «Pepsi» жарнама арқылы жеңді ғой.  Отандық  өнімге де жарнама қажет. 

Кәсіпкер сұраныс бар жерде жүру керек. Қызметкерлеріне әлеуметтік пакет жасай білуі тиіс. Тегін тамақ, жеткізу жағын қамтамасыз етуі шарт. Жұмысшылардың арасына бәсекені арттыру үшін  Жылына бір рет демалысқа жібері тұруы шарт. Жаны күйзелген жұмысшы еңбек еткенде хобби ретінде қарай алмайды.  Жаңашылдықты да бойына сіңіру керек.  Мақсат қою- өзіңді шектеу. Бастысы сенім керек. Өзгелерді емес, өзіңді сендір. Сонда ғана өзгелер саған сенеді, - дейді кәсіпорын басшысы.