Облыс орталығы статусына ие болған Түркістан қаласында кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын және туризмді дамытуға баса мән беріліп келеді. Әсіресе, өнеркәсіп жетекші салаға айналуы тиіс. Себебі, жаңа өндіріс орындары ашылса ғана жұмыссыздық азаяды.
Бүгінде Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта құрылысқа қажетті торлар шығарылуда. Мұнда қазір шарнирлы, сылақ пен қалау үшін дәнекерленген және үлкен аумақты қоршауға арналған торлардың 4 түрі шығарылады.
Бұған дейін шағын ғана цехта басталған жұмыс бүгінде үлкен кәсіп алаңын айналып отыр. Жеке кәсіпкер Еркебай Жыңғылбаев индустриалды аймақтан қажетті жер алып, кәсібін кеңейткен.
Бүгінде тың жобаға тұтынушылар тарапынан түсіп жатқан тапсырыста көп. Ел аумағынан, тіпті көршілес елдерден арнайы келіп алып кетіп жатқандар бар.
Себебі, шарнирлі сетка тек Алматы мен Түркістанда ғана шығарылады екен.
Кәсіп иесі болашақта Түркістандағы құрылысқа қажетті торлардың барлық түрін өзіміз өндірсек деп отыр. Ол үшін жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында үкіметтен жеңілдетілген несие берілсе дейді.
Бүгінде кәсіпорында оннан астам адам жұмыс жасап, тұрақты жалақымен қамтылып отыр.