Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде

Қысқаша

Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде

000.jpg

Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан Республикасының өркендеп өсе түсуіне, елімізде дін саласындағы тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне, ынтымақ пен бірліктің артуы бағытында аудан көлемінде біршама нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

Бүгін Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың арнайы тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Төлеби ауданында жалғасын тапты. Көшпелі керуеннің мақсаты:

- Облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру.

- Деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу;

Мемлекет пен дін ара-қатынасындағы зайырлық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылды.

Бүгінгі жиынды аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев ашып, жүргізіп отырды. Сондай ақ, жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары М.Беспаев, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Ш.Мамытханова, Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, ауданның бас имамы С.Анарбаев қатысып, өз ой пікірлерін білдірді. 

Жиын еркін формат түрінде өтті. Ресмиліктен ада бұл жиында тұрғындар көптеген сұрақтарға жауап ала білді.