Бәйдібек ауданында IT-сынып ашылды

Қысқаша

Бәйдібек ауданында IT-сынып ашылды

00.jpg

Бүгін Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы Садық Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты базасында IT-сынып ашылды. Сыныпта оқушыларды робототехника, 3 Д модельдеу, анимациялық фильмдер мен киберспорттық ойындар жасау ісіне баулымақ.

«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының жүйелі кестесіне сәйкес , аудандық филиалының ұйымдастыруымен және Бәйдібек ауданы әкімдігінің қолдауымен «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында IT-сынып ашылды.

ІТ сыныптың ашылуына «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов пен аудан әкімі Бақытбек Төленұлы арнайы қатысып, лентасын қиды.

Ашылу салтанатында Нұрмахан Миятұлы жобаны қолдап, жүзеге асырған аудан әкімдігіне деген ризашылығын білдірді. Жиында аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Танагөзов Бақытбек Төленұлы:

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенім білдірген ХХІ ғасырдың жастары, яғни оқушыларымыз ІТ сыныптарда озық технологияларды меңгеріп, үйренуі керек. ІТ сыныптар ашылуы мұнымен шектеліп қалмай, ауданның барлық білім беру мектептерін қамтитын болатынын айтты. Бұл келер ұрпақтың бәсекеге қабілеттігін арттыратыны сөзсіз, – деп, барша шәкірттерді құттықтады.

Нұрмахан Миятұлы аудан көлеміндегі IT-сынып бағытында дәріс беретін ұстаздармен арнайы пікір алмасты. Олардың сұрақтарына жауап қайтарды. Сондай- ақ мектептегі Халыш ана гүл бағымен жас ұстаз Яссауидин басшылық жасайтын қол өнер шеберлері, сурет салу галереясымен танысты.