Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларын алдын алу жайы түсіндірілді

Қысқаша

Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларын алдын алу жайы түсіндірілді

000.jpg

Әлемдік және дәстүрлі діндердің қайсы бірін алып қарасақта, барлығы жақсы қасиеттер мен адамгершілікке тәрбиелеу. Ислам дінінде адамгершілік пен сабырлылыққа үйрететін Құран аяттары мен хадистерде жетерлік. Ислам дінінің өзі бейбітшілік деген мағынаны білдіреді. Өкінішке орай бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарынан және интернет ресурстарынан көретініміз тек лаңкестік оқиғалар мен дінді кері бұрмалаушылық болып отыр. Ислам дініне экстремизм немесе терроризм деген ұғымдардың жат екендігі белгілі. Ал қазіргі қоғамдағы ислам атын жамылып келіп жатқан діни ағымдардың махсаттары мүлдем басқа. Бұл діни ағымдардың астарында еліміздің тыныштығын бұзу, дін аралық алауыздық тудыру сияқты саясиланған мүдде жатыр.

Осыған орай, жақында Сайрам ауданы Ауыл шаруашылығы, Жер қатынастары, Кәсіпкерлік бөлімдерінің қызметкерлеріне "Жалын жастар ұйымы" ҚБ-нің ұйымдастыруымен "Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларын алдын алу" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуді Түркістан облысы Дін істері басқармасының Сайрам ауданындағы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"КММ- нің теолог маманы И.Батыр жүргізді.

Жиын соңында мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.