Атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды

Қысқаша

Атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды

00.jpg

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылып отырған міндеттерді жүзеге асыру бірінші кезекте мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі жағдайда бүкіл әлемде адамзаттың бейбіт өмір сүруіне және дамуына қандай да қауіп-қатерлер болса, солардың басында діни экстремизм мен терроризм тұр. Сондықтан да елімізде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік саясаттың негізгі бөлігінің бірі болып саналады. Бүгінгі жағдайда Түркістан қаласында діни ахуалды қалыпты және тұрақты жағдайда деп сипаттауға болады.

Бүгін қала әкімінің орынбасары Ғани Құрмашұлының төрағалығымен "Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу", "Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу" "Тұрғындар арасында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету" шаралары бойынша атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Дін саласына қатысты мәселелердің өзектілігіне, осы бағыттағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңыздылығына байланысты қала деңгейінде бұқаралық ақпарат құралдарымен дін саласы бойынша жұмыс мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеудің арнайы медиа-жоспарларына сәйкес жүргізілуде.