Qamqor қосымшасы – жемқорлықпен күрестің бір қадамы

Қысқаша

Qamqor қосымшасы – жемқорлықпен күрестің бір қадамы

26.jpg

Жақында Қазығұрт ауданында қоғамдық бақылау картасы таныстырылды. Жаңа жобаға сай, кез келген адам мемлекеттік бағдарламалардың атқарылуын, жол құрылысын немесе өзге де мемлекеттік қызметтің сапасын бақылай алады. Қоғамдық бақылау картасы – мемлекеттік қызметкердің жауапкершілігін арттырады. Заңның бұзылмауын да назарда ұстайды. Және ең бастысы сыбайлас жемқорлықтың болдырмауда зор рөл атқарады.

Жаңа жоба арқылы кез-келген азамат бюджет қаражатын да назарда ұстай алады. Ол үшін "Qamqor" қосымшасын жүктеп алуыңыз шарт.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен Қазығұрт ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау прокуроры З.Төленова, Қазығұрт аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Б.Абуов, «Ырыс» МҚҰ ЖШС-нің менеджері Б.Өсербаев және аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының кәсіпкерлерге арналған «Qamqor» ұялы қосымшасына тіркелулері, жеңілдетілген несие шарттары, салық төлемдері және ауданда орналасқан кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеттерін заманауи талаптарға сәйкестендіру, сондай-ақ сыртқы жарнамаларды ретке келтіру жөнінде жиналыс өткізілді.