Өзге ағымдардан сақтана білу - басты назарда

Қысқаша

Өзге ағымдардан сақтана білу - басты назарда

27.jpg

Қазіргі таңда дәстүрден тыс діни ағымдар қоғамды іштен ірітіп жатқандығы туралы жиі айтылуда. Алайда, жастар теріс пиғылды ұйымның өз жұмысын нақты қандай әрекеттер арқылы жүргізетінінен бейхабар. Олар дәстүрден тыс діни ағымдар, дәстүрлі діндерден іргесін аулақ салған, белгілі бір діни мақсатты көздейтін ұйым екендігін біледі. Алайда олардың арбауына ғаламтор арқылы алданып қалып жатқандары көп. Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында теолог мамандар тұрғындармен кездесулер өткізіп, жат ағымдардан сақтану жолдарын түсіндіруде.

Жақында Сайрам ауданы Манкент ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында аудандық Ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Аймаханов пен облысы Дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ нің теолог маманы Ж.Битановтың қатысуымен ауыл тұрғындармен кездесу өтті.

Онда "Жастардың ғаламторда өзге ағымдардан сақ болуы" және "Ғаламтордағы діни ағымдардың шырмауындағы тағдыр" тақырыптарында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кеңкөлемде мәліметтер берді. Кездесу тұрғындар тарапынан «иман» сөзінің түп мағынасы сұралды. Бұған теолог мамандар иман ұғымы — бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабыл ету, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды беретінін айтты. Адамдар әрқашан иман келтіріп жүрсе бәле-жаладан аулақ болатынын жеткізді.