Халық әрқашанда жылы қарым-қатынасқа, билік тарапынан қолдауға мұқтаж. Билік тарапындағы азаматтар ел аралап, халықтың мұқтаждығымен жіті танысып, оларға мәселесін шешіп беруге уәде беріп, сыпайылық танытса кез-келген тұрғын қуанып қалады. Билікке деген сенімі нығайып, келер күнге зор үмітпен қарайды.
Осыған орай, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев және аудан прокуроры Бақыт Сейфолла іссапармен ауданды аралап, халықтың ортасында болды.
Алдымен Бірлік елді мекенінде болған аудан басшысы және аудан прокуроры жақында жөндеу жұмыстары жүргізілген Ә.Жангелдин жалпы орта мектебінде болып, қысқы жылу жүйесімен танысты.
Аудан басшысы және аудан прокуроры сапар барысында ауылдық округ орталығында орналасқан Бірлік ауылдық ауруханасында болып, жұмыс барысымен танысып, науқастардың қал-жағдайын білді.
Содан соң аудан әкімі және аудан прокуроры Бірлік ауылдық округінде орналасқан мәдениет үйінде болып, халықпен кездесу өткізді.
Кездесуге Келес аудан әкімінің орынбасары А.Сексенбаев, аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы А.Кенегесов және өзге де бөлім басшылары қатысты. Шара шеңберінде тұрғындар тілегі тыңдалды. Түскен өтініштерге тиісті жауаптар берілді.