Дін мәселелерін зерттеу жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен Түркістан облыстық “Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи” орталық мешітінің жанынан құрылған «Әйел-қыздар» секторының дәрісханасында “Білімгер қыз балалар” тақырыбында отырыс болды.
Отырысқа “Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи” мешітінің ішінен құрылған «Әйел-қыздар» секторының шәкірттері мен “Салиқалы әжелер” алқасы қатысты. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының “Әйелдер-қыздар” секторының меңгерушісі, теолог маман Ақбөпе Қанатқызы «Қазіргі таңдағы әйел адамдардың орны мен ер адамдардың орнын, қоғамдағы өзін ұстау қағидалары» жайында уағыз-насихат айтып, көпшіліктің көкейкесті сұрағына жауап берді. Қыз – қоғамның айнасы. Тәрбиелі қыз – ертеңгі ана. Өнегелі ана – білімді, инабатты, білімді ұрпақ тәрбиелейді. Білімді ұрпақ кереғар діни ағымдарға қосылмайды, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. Ол елі үшін адал қызмет ететін болады. Сондықтан да, қыз баланың тәрбиесі басты назарда тұруы заңды нәрсе.
Сөз сөйлеуді “Қоғамдық процесстерді зерттеу және талдау орталығы” ҚҚ-ның атқарушы директоры, дінтанушы Толганай Мустафина жалғастырды.
Сөз соңында Түркістан облыстық “Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи” орталық мешітінің өкіл имамы Ақтамберді Мұсабек әйелдер қауымына алғысын білдіріп, нәзік жандылардың қоғамдағы рөлін бір сыпыра түсіндіріп кетті. Отырыс “Салиқалы әжелер” алқасының жетекшісі Қарлығаш апаның батасымен аяқталды.