Пара алу, пара берудің түбі - жаза

Қысқаша

Пара алу, пара берудің түбі - жаза

7.jpg

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев Шардара ауданында кезекті жиын өткізді. Бұл жөнінде аталған мекеменің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Іс-шараға ауданның мемлекеттік қызметшілері, бюджеттік ұйым басшылары, білім саласының қызметшілері мен арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты. Жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері талқыланды. 

Жиын барысында Департамент басшысы мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын және кәсібилігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. 

Биыл пилоттық жоба ретінде бірқатар мемлекеттік органдарда факторлық-балдық шкала жүйесі енгізіліп, ондағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2-ден 2,5 есеге дейін көтерілгенін, бос лауазымдарды ішкі конкурстар арқылы бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілермен толтырылатынын, қызметшілерді тұрақты түрде оқытуына көңіл аударылатынын тілге тиек етті. Бұған қоса, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруде қызметшілер арасында жалпы бекітілген мінез-құлық ережелерінің талаптарын сақтау маңызды. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер қызметте және қызметтен тыс уақытта да әдеп Кодексінің нормаларын қатаң сақтау оң әсерін беретінін ескертті. Жиын соңында қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталған шенеуніктерге қатысты түсірілген видео түсірілімдер көрсетілді.