Дін мамандары студент жастарды тегін дүниеге алданбауға шақырды

Қысқаша

Дін мамандары студент жастарды тегін дүниеге алданбауға шақырды

8.jpg

Бүгінде ақпарат қолжетімді. Ал, жастар білуге, көруге өте құштар болады. Олар ақ-қараны саралап, тексеріп жатпайды. Интернеттен алғаш көрген, оқыған мәліметіне бірден сенім артады. Әсіресе, олар тез алданады. Әлдекім жылы сөйлесе, іші-бауырына кіріп өтініш айтса, оны орындауға бар. Бүгінде жастарды тез арбаудың жолы – материалдық жағдайын жасауға уәде беру. Себебі, көптеген жастар байлыққа тез кенелгісі келеді. Жастардың психологиясын терең зерттеген кереғар діни ағым өкілдері оларға мол байлық береміз деп, өздерінің заңсыз мақсаттарына пайдаланғысы келеді. 

Бүгін осындай келеңсіз жағдайлардың алдын-алу үшін Түркістан облысы, Арыс каласына Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері А.Тилегенова, Л.Узақбаева келді. Олар қаладағы мектеп, колледж студенттерімен, мұғалімдерімен «Дін атын жамылған арам пиғылды ағымдардың іс-әрекетінен сақтанайық!» атты кездесу өтті. Кездесуде дін мамандары жастарға тегін дүниеге қызықпауға шақырды. Себебі, бұл дүниеде ештеңе оңайшылықпен келмейді. Ең бастысы, тегін жатқан нәрсе жоқ. Кереғар діни ағым өкілдерді жастарды тегін дүниемен қызықтырғысы келеді. Оларды алдап, қармаққа іліндірген соң, оның болашағының тамырына балта шабады. Сондықтан да, ертеңгі күн жарық болу үшін оңай жолмен жүрмеу керектігі түсіндіріді. Жиында студенттердің сұрақтары толығымен қанағаттандырылды.