Түркістандық оқушылар жаңа технологияны меңгеруге кірісіп кетті

Қысқаша

Түркістандық оқушылар жаңа технологияны меңгеруге кірісіп кетті

1540811168305652.jpg

Бұрын мектеп оқушылары жоғары сыныпта физика, геометрия сынды сабақтарды оқыды. Бұл сабақ олардың заман ағымына ілесуіне көмектесті. Енді бұл қатарға бағдарламау деген сабақ қосылып жатыр. Бағдарламалау деген ең бірінші кезекте – компьютердің операциялық жүйесін жіліктеуге, түрлі портал, сайттарды құрастыруға, мобильді қосымшалар жасауға үйретеді. Мұндай білім қазіргі заманда өте керек.   

Осыған орай, жақында облыс орталығы Түркістан қаласында заман талабына сай тағы бір ІТ- сыныбы А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің базасында ашылды. 

Оған «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев, қала әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков пен қалалық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, «Ынтымақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Үмбет Жүсіпбаевтар қатысты. 

Кездесу барысында «Нұр отан» партиясының мүшесі А.Темірбаев:

- «Нұр Отан» – жаңа бастамалардың, озық идеялардың, биік парасаттылықтың партиясы екенін сөзбен емес, іспен дәлелдеп келді. Партия өз қызметін жаңғырту мақсатында биылғы жылдан бастап 22 жаңа жобаны қолға алды. Бұл жобалар Түркістан қаласында ерекше қолдау тауып, жүзеге асырылуда. Соның жарқын дәлелі – бүгін ашылып отырған жаңа ІТ сынып. Басты мақсат – факультативті сынып сабақтарын дамыту, яғни, оқушылардың ақпараттық технологияға, робототехникаға, инновациялық жобаларға қызығушылығын арттыру, - деп айтты. 

- Елбасы ұсынған “Цифрлық Қазақстан” – цифрлық технологияны меңгеру ғана емес, жаңа заманға бейімделу. Елімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін қолға алынған бағдарлама қоғамнан жаңа инновациялық дамуды және жедел технологиялық жаңғыруды талап етеді. Ол үшін азаматтардың ІТ-сауаттылығын арттырып, жаңа технологияларды күнделікті өмірде кеңінен қолдану міндеті тұр. Орталықтың басты ерекшелігі – жылдам интернет, адамдардың жайлылығы мен емін-еркін сұхбаттасуына жасалған жағдай, - деді қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков.