Қызмет көрсету жүйесі оңтайлаған жерде сыбайлас жемқорлық болмайды

Қысқаша

Қызмет көрсету жүйесі оңтайлаған жерде сыбайлас жемқорлық болмайды

1540809069909856.jpg

Басқару, қызмет көрсету жүйесің оңтайландыру арқылы сыбайлас жемқорлықты болдырмауға болады. Яғни, адамдар өз мәселесін басшының алдына кіріп емес, басқаша жолмен, мөлдірлік қамтамасыз етілген ғаламтар желісі арқылы шешсе, пара алу, пара беру, басшының қас-қабағына қарау, жалыну, жағымпаздану секілді жағымсыз оқиғалар орын алмайды. 

Осыған орай, мемлекеттік қызметті көрсетуді оңтайландыру мақсатында жақында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғ.Тұрсынбаев Мыңбұлақ аулында орналасқан «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрыштамасының жұмысымен танысты. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.  

Тәжірибемен бөлісу үшін ауыл әкімдері мен білім беру мекемелерінің басшылары мен информатика пәнінің оқытушылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шарада Ғ.Тұрсынбаев мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандырудың өзектілігін, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау қажеттілігін айтып, салалық кеңестер берді. Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі туралы айтылды. Бұған қоса, бұрыштама қабырғасында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен бір реттік жасырын сөз арқылы алынатын 44 мемлекеттік қызмет бойынша ақпараттық-әдістемелік стендтер ілінген. Өзіне өзі қызмет алу үшін арнайы келген Мыңбұлақ ауылының тұрғыны бұл бұрыштаманың уақыт үнемдеуде пайдасы зор екендігін, қазіргі таңда аудан орталығына бармай ақ ауылдағы «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрыштамасына келіп тиісті құжаттарды алып жатқандығын айтты. 

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруда көмегін тигізіп жатқан мемлекеттік органдарға келушілер алғыстарын білдірді. Жиын соңында келушілерге арнайы ақпараттық жадынама таратылды.