Облыстық ақпараттық-насихат топ - Түлкібаста

Қысқаша

Облыстық ақпараттық-насихат топ - Түлкібаста

01.jpg

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына ағымдағы жылдың бесінші қазан күнгі арнаған “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауын насихаттау мақсатында Түркістан облыстық ақпараттық насихат тобы Балықты ауылдық Мәдениет Үйінде жергілікті тұрғындармен жиын өткізді. 

Жиынға Жолдаудың негізгі мақсаттарын түсіндіру үшін Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев, ОҚО мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафердасының тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, облыстық білім басқармасының басшысы И.Сағындықов, облыс әкімдігінің қоғамдық келісім мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бөлім басшысы В.Жаринов арнайы келді. 

Аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев жиынды ашып, жүргізіп отырды. Жиынға қатысушылар ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы Жолдауда қойылған міндеттердің маңызы зор екенін тілдеріне тиек етті. Балықты ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Кәртеев Елбасы Жолдауы жайлы өз ойын білдіре келе ауыл тұрғындарын Жолдау жүктеген міндет бойынша аянбай еңбек етуге шақырды. Аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев жиынды қорытып, Жолдауды ел арасына арнайы насихаттауға келген облыстан келген қонақтарға көпшілік атынан ризашылық сезімін жеткізді.