«Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өңірде 9 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалаларда тағы да 5 несиелік және 2 арендалық тұрғын үйді іске қосу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері 160 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», - деді өңір басшысы.
Павлодар облысының әкімі «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы тұрғындарға өз баспанасына ие болуға қосымша мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.
«Бұл бағдарлама бойынша екінші деңгейлі банктерге тұрғындардан 38 өтініш келіп түсті, олардың 16-ы қанағаттандырылды. Жаңа бағдарламаны белсендіру үшін өңірде медициналық қызметкерлерге 1 миллион теңгелік тұрғын үй сертификаттары беру арқылы бастапқы жарнаны субсидиялауды енгіздік», - деді Болат Бақауов.
Облыс әкімінің баяндамасында 7-20-25» бағдарламасымен өңірде 282 пәтер сатылымға ұсынылғанын, олардың 102-і – Павлодар қаласында, қалған 180 пәтер Екібастұз қаласында орналасқаны жазылған.
Еске сала кетсек, осыған дейін облыс әкімі 2019 жылы Павлодарда жаңа "Достық" ауданы құрылысы басталатынынайтқан болатын. Сонымен қатар ол жұмысшылардың жалақысы өсетіні туралы айтқан болатын. Сондай-ақ, Павлодар облысының жалпы өңірлік өнімінің көлемі 4,2%-ға, ал экспорттық тауар айналымы екі есеге артқаны айтылды. Мұнан бөлек облыс әкімі Павлодардың басқа өңірлерді де картоппен қанымдап отырғанын жеткізді.