Елордада Корей түбегіндегі ахуалға арналған жиын өтеді

Қысқаша

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған «Корей түбегіндегі ахуал және Қазақстанның ядролық қаруды таратпаудағы рөлі» ха

sssss.jpg

Корей түбегіндегі оң өзгерістер ядролық қаруды таратпауды нығайту шеңберіндегі стратегиялық сұхбаттар үшін жаңа серпіліс береді. Қазақстан ядролық қарусыздану үшін жаһандық қозғалысының белсенді мүшесі ретінде тараптардың ұстанымдарын жақындастыруға бағытталған ұмтылыстарын қолдайды және осы үдерісте жан-жақты көмек көрсетуге әрдайым дайын. Екі Корей мемлекетінің арасындағы қарым-қатынастары дамуының ары қарайғы траекториясын талқылау мен сарапшылар сұхбаты – бейбіт үдерістің ажырамас құрамдас бөлігі және бейбіт құрылысқа қосқан зор үлесі.


Халықаралық дөңгелек үстелдің жұмысын екі сессия аясында өткізу жоспарланған:


- Корей түбегіндегі ағымдағы ахуал және Корей Республикасының бейбітшілікті қамтамасыз ету бойынша саясаты;

- Қазақстанның ядролық қаруды таратпаудағы рөлі және Корей түбегіндегі ахуалды реттеуге жәрдемдесуі.


Дөңгелек үстел жұмысына халықаралық және ядролық қауіпсіздік саласының жетекші сарапшылары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстанда аккредитациядан өткен дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады.


Өткізілу күні мен уақыты: 24 қазан 2018 ж., сағ. 09:00-13:00.


Өткізілу орны: Астана қ., «Rixos» қонақүйі, «Шаңырақ» конференц-залы, Д.Қонаев к-сі, 7.