Бір жылда елдегі газбен жүретін көліктердің саны 582 мыңнан 677 мыңға дейін артқан. Бұл жайында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында айтты.
- Министрлік ай сайын өңірлер бойынша шамамен 130 мың тонна сұйытылған газ бөледі. Алайда, газ тарату көлемі өңірлердің қажеттілігінен 25-30 мың тоннаға немесе 23% аз.
Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, 2024 жылы газбен жүретін автомобильдер саны 677 мың болған немесе 2023 жылмен салыстырғанда 16% өскен, - деді министр.
Ведомство басшысы сұйытылған газ бағасының төмендігі аталған өнімді тұтынудың өсуіне себеп болып отырғанын атап өтті.