Владимир Путин Пасха мейрамына байланысты уақытша бітімге келетінін мәлімдеді

Қысқаша

Ресей тарапы Пасхаға байланысты бітім жариялайды

image.png

Ресей Президенті Владимир Путин Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялады, деп жазды Кремль жаңалықтары.  

— Гуманитарлық себептерге сүйене отырып, бүгін сағат 18:00-ден бастап жексенбі мен дүйсенбі арасындағы түнгі сағат 00:00-ге дейін Ресей тарапы Пасхаға байланысты бітім жариялайды. Осы уақыт аралығында барлық әскери қимылдарды тоқтатуға бұйырамын. Біз бұл қадамға Украина тарапы да қосылады деп үміттенеміз. Сонымен қатар, біздің әскеріміз бітімді бұзу немесе қарсы тараптан болуы мүмкін арандатушылық әрекеттерге қарсы дайын болуға тиіс, — делінген Кремль хабарламасында.