Алматы әуежайында жасөспірім сөмкеде жарылғыш зат барын хабарлады

Қысқаша

қауіпсіздікке әлеуетті қатер ретінде қабылданады.

image.png

Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы, әуежайда, әсіресе ұшу алдындағы іс-әрекеттер және ұшаққа отырғызу кезінде орынсыз мәлімдемелер мен «әзілдерге» жол берілмейтінін азаматтардың есіне салады деп жазады ҚазАқпарат.

— Алматы халықаралық әуежайында жасөспірім досының сөмкесінде жарылғыш зат бар екенін айтып әзілдеген. Нәтижесінде әуе кемесі мен барлық жолаушыны тексеру жоспары күшіне еніп, рейс кешігіп, ұшуға уақытша шектеулер қойылды, — деп хабарлады Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабынан.

Штаб өкілдері мұндай мәлімдемелер, тіпті әзіл-қалжыңмен айтылған болса да, қауіпсіздікке әлеуетті қатер ретінде қабылданады. 

— Азаматтарды тексеру аймағында және әуе кемесінің бортында қауіп-қатерге, қару-жараққа, жарылғыш құрылғыларға және басқа да ықтимал қауіпті тақырыптарға қатысты сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға жауапкершілікпен қарауды сұраймыз, — деп атап өтті ведомстводан.