Өткен жылы 40 судья тәртіптік жазаға тартылды

Қысқаша

Сот жюриі 40 судьяны тәртіптік жазаға тартты.

image.png

Өткен жылдың қорытындысында Сот жюрі 77 тәртіптің істі қарап, 40 судья жауапершілікке тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Жоғары Сот кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжан айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

- Қазіргі уақытта облыстық соттар мен Жоғарғы Сот жанындағы судьялар әдебі жөніндегі комиссияға судьялардың әдеп нормаларын бұзғаны туралы дәлелдер келтірілген шағымдар ғана тексеруге жіберіледі. 2024 жылғы жұмыс қорытындысына қатысты өткен жылы Сот жюриі 77 тәртіптік іс пен тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау бойынша бір материалды қарағанын атап өтеміз, - деді жюри төрағасы.

Нұржан Қайыпжанның атап өтінше, Сот жюриі 40 судьяны тәртіптік жазаға тартты. Оның ішінде аудандық деңгейдегі 31 судья, аудандық жәнен оларға теңестірілген соттардың 5 төрағасы, облыстық және оларға теңестірілген соттардың 2 судьясы, облыстық сот сот алқасының 1 және облыстық соттың 1 төрағасы бар.

- Барлығы 40 тәртіптік жаза қолданылды. Оның ішінде ескерту – 21, сөгіс – 13, судья лауазымынан босату – 6. Сот төрелігін іске асыру кезінде заңдылықты өрескел бұзу, судьялық әдеп кодексінің нормаларын бұзу, сот төрағасының және сот алқасының лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамау судьялардың тәртіптік жауапкершілігінің негізі болды. Сот жюриі 33 тәртіптік істі немеме қаралған істердің жалпы санының 45,2 пайызын тоқтатты. Тәртіптік істерді тоқтатудың себептері негізінен – судьяның іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауы және тәртіптік теріс қылық құрамының маңыздылығының төмендігі. Жоғарғы сот кеңесіне Сот жюриінің 12 шешіміне шағым жасалды. Кеңес оларды қарау нәтижелері бойынша барлық шешім негізді деп таныды, - деді Нұржан Қайыпжан.