Туризм бүгінде елімізде шапшаң дамып келе жатқан сала. Туризмнің маңыздылығын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау 2019» халықаралық туристік форумында атап өткен болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанда туризмді дамытудың жүйелі әрі нақты шарларын қабылдау қажеттігін ескертті.
Шаһарда қазіргі таңда жеке инвестиция есебінен қонақ үйлер, демалыс орындары, ойын-сауық орталықтарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан қаласында елімізде баламасы жоқ туристік-рекреациялық орталық салынды. «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығы су спорт түрлерімен айналысуға және жағажай туризмін дамытуға бағытталады. Сондай-ақ қалада «Түркістан молл» сауда орталығы, «Отау» сауда орталығы, «Медина Палас» қонақ үйі, «Теннис» орталығы, Бизнес орталықтардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Биылдың он айының қорытындысы бойынша Түркістанға келуші және туристер саны 1 368,2 мың адамды құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда (2021 жыл – 1332,6 мың адам) 2,6%-ға артты.
Түркістан қаласында бүгінде орналастыру орындарының саны (қонақ үйлер, хостел) саны 57-ге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21% - ға (2021 жылы – 45 қонақ үй) артып, жоғарғы санатты қонақ үйлер саны оннан асты.
Орналастыру орындарындағы номер саны 1191-ді құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда (2021 жыл – 951 номер) 20,2% - ға артып отыр. Сондай-ақ қонақ үй, хостелдердегі төсек-орын саны 2467-ге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда (2021 жыл – 1944) өсім 21,2%-ды құрады.
9 айдың қорытындысы бойынша туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 34,65 млрд. тг. құрады.
Түркістанда мереке күндері «Керуен сарайда» атаулы іс-шаралар ұйымдастырылып, республикамызбен шетелдің танымал әншілері өнер көрсетіп келеді. Жыл соңына дейін әншілер мен жұлдызды топтардың қатысуымен 17 іс-шара ұйымдастырылмақ. ҚР Үкіметі бекіткен «Халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру жөніндегі кешенді жоспарға» сәйкес «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ тарапынан 25 іс-шараны өткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта туризм басқармасы «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы және «Керуен сараймен» іс-шаралар тізбесін пысықтауда. Іс-шаралар тамыз айында басталады деп жоспарлануда. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту есебінен «Керуен сарайға» келетін туристер мен қонақтар ағыны артты.