Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбековтің құдасы, бұрынғы депутат Әлиярбек Әбжалиев қамалды, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты 24.kg сайтына сілтеме жасап.
ҰҚК бұрынғы депутаттың ұсталғанын растады. Алайда күдіктінің аты тергеу құпия өткізіліп жатқанына байланысты айтылмады.
"Кәсіпкер ҰҚКҰ-ға Ә.Ә. Парламент депутаты болған кезде жасаған алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде 2 миллион доллар көлемінде залал келтірді деген шағыммен жүгінді. Қырғызстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің "Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалды. Сот оған тергеу кезеңінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деді ведомство өкілі.