Шымкентте баласын сатқан көпбалалы әйел сотталды

Қысқаша

Шымкентте баласын сатқан көпбалалы әйел сотталды

Screenshot_4.jpg

Көпбалалы ана 1,5 жасар ұлын сататынын достарына айтып, ақпарат қала полициясына жеткен. Полиция қызметкерлері баласы жоқ ерлі-зайыптылардың атын жамылып, сатушыға барған, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Айыпталушының өзі оларды кездесуге шақырып, үйіне әкелді. Ол бір жарым миллион сұраған, бірақ 1 миллион төлеуге келіскен. Саудаласып, полицейлер ақшаны берген. Анасы баланы жинап, оларға береді. Сол кезде ол қамауға алынды. Мәміленің барлық барысын полицейлер жасырын камераға түсіріп алған", – дейді Шымкент қалалық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотының төрағасы Дәурен Сайханов.

Белгілі болғандай, әйел ажырасып, 4 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған. Босанған соң, ұлын ауруханада қалдырмақ болған. 1,5 жылдан кейін әйел ақша тапшылығына байланысты осындай әрекетке бел буған. Әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылды, ал балалары туған әкесінің тәрбиесіне берілді.