Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекті Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары қызметінен босатып, атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді. Бұл туралы Президентің баспасөз хатшысы мәлімдеді.
Кәрім Мәсімов және Бауыржан Байбек
"Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасаы лауазымындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты", - делінген Берік Уәлидің хабарламасында.
Бауыржан Байбек партия төрағасының бірінші орынбасары қызметіне 2019 жылы тағайындалған.
Байбек 1974 жылы 19 наурызда дүниеге келген. "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Үш жоғары оқу орнын тәмамдаған: педагогикалық, жоғары экономикалық және музыкалық.
Ол Қазақстанның Германиядағы елшігінде дипломатиялық қызметте болған. 2002 жылдан бастап Президент Әкімшлігінде түрлі лауазымдарға тағайындалды. 2015 және 2019 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі болды.
Еске сала кетейік, Бауыржан Байбек - Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ең сенімді кадрларының бірі. Ол Елбасының сыныптасының ұлы. Назарбаев Тоқаевқа бар билікті тапсырған кезде Бауыржан Байбек оған деген ыстық ықыласы мен құрметін жоғалтқан жоқ. Ол халыққа Елбасының ерен еңбегін бағалау керектігін айтқан болатын.