Алматыға жаңа әкім тағайындалды

Қысқаша

Алматыға жаңа әкім тағайындалды

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы трагедиясы Telegram каналы хабарлады.

Screenshot_3.jpg

Туған жылы: 1970 жыл

Туған жері: Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі: 1987 жылы Алматы қаласының Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген.

Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

1997 жылы «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған;

1998 жылы ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарған;

1998 жылы ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі лауазымын атқарған;

2000 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;

2001 жылы Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы болған;

2001–2003 жылдары ҚР Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы ретінде қызмет атқарған; 

2003–2004 жылдары – ҚР қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; ҚР Ұлттық Банкінің басқарма мүшесі;

2004–2006 жылдары – ҚР денсаулық сақтау министрі;

2006–2012 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2012 жылғы 25 қыркүйектен бастап – ҚР экономикалық даму және сауда министрі;

2013 жылғы 16 қаңтардан бастап – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;

2014 жылғы 6 тамызда ҚР Президентінің № 880 жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

2015 жылғы 30 сәуірде ҚР Президентінің № 5 жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды. 

2016–2017 жылдары – «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басшысы.

2017 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және жаңа технологиялар министрдің міндетін атқарушы Т. Тоқтабаевтың «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» № 824 бұйрығына сәйкес «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына сайланды. 

2019 жылдың 25 ақпанында Елбасының жарлығымен ҚР Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды.