Железин ауданының тұрғыны Ертіс өзенінің жағасынан қару тауып алды

Қысқаша

Железин ауданының тұрғыны Ертіс өзенінің жағасынан қару тауып алды

Тәркілеп алынған қару бойынша баллистикалық сараптама тағайындалды. Бұл туралы Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Screenshot_2.jpg

"Құқықтық тәртіп» шарасы нәтижесінде тәртіп сақшылары 2,7 мыңнан астам әкімшілік айыппұлды анықтады. Заңсыз айналымнан қарулар, патрондар, ПР-73 резеңке таяқтар мен пышақтар алынды. Мәселен, Железин ауданы Үрлітөбе ауылының тұрғынынан тіркелмеген, маркасыз және нөмірсіз аңшылық қаруы тәркіленді. Ер адамның айтуынша, ол қаруды өткен жылдың қыркүйек айында Ертіс өзенінің жағасынан мал бағып жүрген кезінде тауып алған, кейін өзіне қалдырған", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Жасқайрат Қайыров.

Осы факт бойынша тіркелмеген қаруды заңсыз сақтағаны үшін құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 482-бабына сәйкес әкімшілік өндіріс қозғалды.

Басқа жағдайда Железин ауданы Жаңа жұлдыз ауылының 42 жастағы  тұрғынының автокөлігінен аңшылық қарудың тіркелмеген 12 калибрлі 11 дана патроны табылып, тәркіленіп алынды. Ер адам бұл туралы білмегенін және патрондар әкесінен қалғанын жеткізді. Осы сынды факт Железин ауданының Ақтау ауылында орын алған. Ауыл тұрғынынан аңшылық қарудың 12 калибрлі 3 дана патроны табылды. Патрондар тәркіленіп, сараптамаға жолданды. 

ҚР ӘҚБтК 482-бабына сәйкес жеке тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы үшін қару тәркілене отырып, жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Айта кетейік, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшедегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстарды ескерту, алдын алу бойынша өңірде ағымдағы жылдың 13 қаңтарынан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық шарасы өткізілуде.