Әлемді жаулаған індет салдарынан былтыр Шымкентке келетін туристердің саны 14%-ға азайған. Ендігі жоспарлар жүйелі түрде орындалып, шымшаһарда алдағы 4 жылдың ішінде миллионға жуық турист келеді деп күтілуде. Кез келген туристің басты мақсаты қымбат қонақ үйде тұрып, қыруар қаржы жұмсау емес, барған жердің салт-дәстүрімен, тарихымен танысу, жергілікті халықтың тұрмыс тіршілігін көру болып табылады. Бүгінгі күні туристерді нысанның тарихымен таныстыратын экскурсоводтарымыз бар.
- Бізде ішкі туризмге қызықтыратын ең бірінші біздің қонақжайлығымыз. Шымкент қаласы республика бойынша өзіндік ерекше орны бар өңір. Туристерді бірінші біздің қонақжайлығымыз, екінші адамдарымыз, яғни, қаланың көркін келтіретін біздің жергілікті тұрғындар. Одан кейін цитадель. Бұл біздің қазіргі таңдағы ерекше нысанымыз. Оның тарихы терең. Жалпы Шымкент 2200 жылдық тарихы бар қала. Соны көруге келеді. Одан кейін Дендропарк ел аумағы бойынша көлемі үлкен парк болып саналады. Ол жерде 500-ден аса өсімдіктер бар. Солтүстік Америкадан әкелінген, тюльпан ағашы бар. Одан бөлек, қаламыздың архитектурасы. Қала әкімінің басшылығымен ғимараттар бой көтеріп жатыр. Соның барлығы біздің қаламыздың танымалдылығына әкеліп, ішкі және сыртқы туризмге деген қызығушылығын арттыруда - деді басқарма басшысы Ерлан Қыдыров.