​Шымкентте гастрономиялық туризм жақсы дамыған

Қысқаша

​Шымкентте гастрономиялық туризм жақсы дамыған

Screenshot_7.jpg

Шымкент қаласында 100-ден аса қонақ үй мен 10 саябақ, 7 мұражай, 25 мәдени нысан, 5 театр мен 18 аквапарк және 6 табиғи су қоймасы орналасқан. Сондай-ақ, олардың бағасы да қалта көтерімді. Туристер үшін арнайы турпакеттер қарастырылған. Саяхатшылар Шымшаһардың әсем жерімен таныса отырып, тәтті тағамдардан да дәм тата алады. Туризм басқармасының басшысының айтуынша жыл сайын мұнда келетін туристердің саны артып келеді. 

- Қазіргі таңда, қалада 125 орналастыру орны бар. Оны біз топ-15, топ-25, топ-50-ге бөліп қойғанбыз. Бізде қалада 17 туристік маршрут әзірленген. Ол жерге туристік нысандар кірген. Жалпы оңтүстік өңір гастрономиямен жақсы дамыған. Біздің асханаларымыз өте керемет. Сонымен қатар, бізде үш күндік турмаршруттар бар. Бірінші күні Шымкенттің әсем жерлерін көрсетеміз, цитадель, Дендропарк және Арбатпен жаяу жүргіземіз. Екінші күні, Түркістанға апарып келеміз, Біз Түркістанмен бірлесе жұмыс істейміз - деді Ерлан Қыдыров. 

Туризмнің дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Сол себепті, қаланы жақсы жағынан танытуда туризм саласының атқарып жатқан жұмысы ерен.