Жалпы туризм саласы белгілі бір мемлекеттің немесе қаланың жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленуде. Сондай туризм саласы дамыған, керемет шаһарлардың бірі Шымкент қаласы. Қазіргі таңда, Шымкент қаласын әлемге таныту үшін біршама жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін Үшінші Мегаполистің Туризм және сыртқы байланыс басқармасы тыңғылықты жұмыс істеуде. Бұл туралы Туризм және сыртқы байланыс басқармасы басшысы Ерлан Қыдыров айтты.
- Біз жылы бір рет инфотур ұйымдастырамыз. Келесі жылдан бастап жылына 4 рет ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оның екеуі біздің жергілікті туроператорлар мен агенттерді шетелге апарып шетелдік туроператорлармен қарым-қатынасын әрмен қарай дамытып, екеуінің арасындағы турпакеттерді жарнамалап, сол бағыт бойынша туристерді әкелу. Одан бөлек басқармамызда сыртқы байланыстар функциясы бар. Ол деген шетелмен жұмыс жасаймыз, сыртқы байланыспен туризм тығыз байланысты. Қазіргі таңда 8 мемлекет 9 қаламен бауырластық қатынас орнатқан. 8 мемлекеттің бірі Түркия. Түркияның 2 қаласымен қарым-қатынас орнаттық. Адана қаласымен 10-шы қала ретінде туристік қарым-қатынас орнатып жатырмыз. Мұндағы басты мақсатымыз 2 қала, 2 ел арасындағы туризмді алмастырып көрсету - дейді басқарма басшысы.