Ел аумағындағы ірі 20 қаланың ішінде тұрғындардың өмір сүру сапасы, инфрақұрылымдық даму көрсеткіші, тазалығы мен қонақжайлық деңгейі бойынша мамандар арнайы сараптама жасады. Үздік қала сауалнамасының нәтижесі бойынша ең үздік көрсеткішке 43,3 балл жинағына Шымкент қаласы ие болды.
Бүгінде көне қала туристердің ағынын қабылдай отырып қызметтерін ұсынады. Сала мамандарының сөзінше Шымкент қаласының туристік маңыздылығы жоғары. Атап айтқанда, Шымшаһар Ташкент, Бішкек және Қазақстанның Солтүстік өңірін қосатын 9 жолдың торабы саналады. Бүгінде инфрақұрылымы дамыған Үшінші Мегаполисте ішкі және халықаралық туристік нарықта белсенді сегмент қалыптасу үшін барлық мүмкіндіктер жасалған.
- Қазіргі таңда туризмді дамыту үшін адам өзінің қаласын, жергілікті өнімдерін жарнамалап тұру керек. Біздің 87 туроператорлар мен агенттіктердің басқа елдерде өздерінің әріптестері бар. Олар бірлесе отырып жұмыс жасайды. Біз қазіргі таңда туроператорлар мен шетелдік туроператорлардың қарым-қатынасын жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Солар арқылы біздің әзірленген маршруттарды Түркия, Еуропа және Азияда Шымкент деген қаланың бар екенін көрсету үшін, біздің дайын бейнеролик бар «Тур по городу Шымкент» деген. Ол жаққа біздің қонақ үй, ресторандарымыз көрсетілген және астына орташа жарататын қаржы бағаларын жазып қойғанбыз - деді Туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров.