Туризм саласы бойынша қалаға бір жылда 19 млрд. қаржы түседі

Қысқаша

Туризм саласы бойынша қалаға бір жылда 19 млрд. қаржы түседі

Screenshot_4.jpg

Шымкент қаласында туризм саласы бойынша жалпы бір жыл көлемінде 19 миллиард қаржы түседі. Бұл туралы шымшаһардағы Туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров айтты.

- Жалпы жыл жоспары бойынша қалаға 19 миллиард ақша түседі. Біздің орташа есеппен есептеген ағымымыз. Шымкентте 100-ге жуық туристік нысан бар, 87 туроператорлар мен агенттіктер мен 125 орналастыру орны, қонақ үйлер мен ресторандар бар. Оның барлығына туризм саласының кәсіпкерлері аталады. Шымкент қаласында әр саланың өзіндік бағыты бар. Ал, біздің бағытымыз кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Одан бөлек біз Тур. Бизнеспен тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырып тұрамыз. Бізде атап өткен 125 орналастыру орнының 70%-ы қазіргі таңда қайта жаңғырту жұмыстарына сұраныс артып отыр. Бұл дегеніміз біраз орналастыру орындары бірнеше жыл бұрын іске асқан. Оны қайта жаңғырту үшін мемлекеттен қолдаулар бар. «Бизнестің жол картасы - 2025» миллиардқа дейін 6%-пен кредит береді. Туризм саласының кәсіпкерлері осы бағдарламаны қолданып келеді  - деді басқарма басшысы.