​Шымкент тұрғындарға жайлы, келушілерге қолайлы

Қысқаша

​Шымкент тұрғындарға жайлы, келушілерге қолайлы

Screenshot_3.jpg

Бүгінде Шымкент қаласы туристер мекеніне айналып келеді. Жарты жылдың ішінде Үшінші Мегаполиске 160 мыңға жуық турист келген. Шымкентке сырттан келген қонақтарға қаланың қонақжайлығы мен ауа райы ұнайтын көрінеді. Үшінші Мегаполистегі туризм саласы туралы мәліметтерді Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров айтты. 

- Шымкент қаласында өзі 22 бағыт бар. Соның бірі туризм және сыртқы байланыстар басқармасы. Біздің басты мақсатымыз қаладағы туризм саласын дамыту. Өздеріңізге белгілі Шымкент республика бойынша үшінші қала. Жер аумағы бойынша республикада бірінші, халық санағы бойынша үшінші орында. 2018 жылы Елбасының жарлығы бойынша Түркістан облысы мен Шымкент қаласы екіге бөлінді. Содан бері әрбір бағытымыз жаңа деңгейге жетті. Туризм саласында жалпы 30 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Біздің өзіміздің бюджетіміз бар. Бізде Visit Шымкент деген еншілес мекемені қосқанда 308 миллион теңге. Біздің өңір тұрғындарға жайлы, келушілерге қолайлы. Шымкент қаласында бір турист күніне 30 мың теңге. Соны 160 мыңға көбейтсеңіз, бір жылда қала экономикасына 9 миллиард пайда әкеліп отырмыз - деді Ерлан Қыдыров.