Ардагерлерге 1 миллион теңгеден табысталды

Қысқаша

Ардагерлерге 1 миллион теңгеден табысталды

25.jpg

Сайрам ауданының әкімі  Ұласбек Сәдібеков, мәслихат хатшысы Шамхат Халмурадов Қарабұлақ ауылдық округі Сайрам Қақпа көшесі 100 үйде тұратын Ұлы Отан соғыс ардагері Абишев Халнияздың шаңырағына барды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  м

Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге байланысты мемлекет тарапынан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңгеден табысталды. 

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлының атынан ардагерлерге құттықтау тілектері жеткізіліп, әрбір ардагерге теледидар берілді.

Тарихы тамырлас, тағдыры бауырлас көпұлтты еліміздегі тыныштық пен түсіністіктің негізі осы атаулы күннен бастау алатыны даусыз. Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін алғыс білдіремін. Жасаған ерліктеріңіз ешқашан өшпейді. Ұрпақтар есінде мәңгілік сақталады, - деп құттықтады аудан басшысы Ұласбек Сәдібекұлы 

Абишев Халнияз Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 

1942 жылы 312-ші атқыштар полкінде, одан әрі 

1942 жылдың қаңтар айынан 1944 жылға дейін 364-ші атқыштар полкінде әскери борышын өтеген. 

Сталинград қаласын жаудан азат ету ұрысына қатысып, 1944 жылы 15 қаңтарда жарақатына байланысты демобилизацияланған. І дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" орденімен, "Германиядағы жеңіс үшін" және 8 мерейтойлық медальдарымен мараптаталған. 

Қазіргі таңда 6 ұлы, 3 қызы бар 40 немересі, 108 шөбере, 17 шөпшектің абыз атасы.