Ерлік ешқашан өшпейді

Қысқаша

Ерлік ешқашан өшпейді

24.jpg

Сайрам ауданының әкімі  Ұласбек Сәдібеков, аудандық мәслихат хатшысы Шамхат Халмурадов Қарабұлақ ауылдық округі Ашбұлақ көшесі 17 үйде тұратын Ұлы Отан соғыс ардагері Анартаев Ахмаджандың шаңырағына барды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге байланысты мемлекет тарапынан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңгеден табысталды. 

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлының атынан ардагерлерге құттықтау тілектері жеткізіліп, әрбір ардагерге теледидар берілді.

Тарихы тамырлас, тағдыры бауырлас көпұлтты еліміздегі тыныштық пен түсіністіктің негізі осы атаулы күннен бастау алатыны даусыз. Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін алғыс білдіремін. Жасаған ерліктеріңіз ешқашан өшпейді. Ұрпақтар есінде мәңгілік сақталады, - деп құттықтады аудан басшысы Ұласбек Сәдібекұлы 

Анартаев Ахмаджан 1926 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында жұмысшылар отбасында дүниеге келген.

1944 жылдың 5 мамырында Сайрам аудандық комиссариатына шақырылып, 64-ші атқыштар полкінде әскери борышын өтеген. Польшаны азат ету ұрысына және Германия соғысына қатысқан. 

1949 жылдың 10 сәуірінде әскерден оралған. І дәрежелі "Ұлы Отан Соғысы "Германиядағы жеңіс үшін" және 8 мерейтойлық медальдарымен марапатталған. 

Қазіргі таңда 4 ұлы, 5 қызы бар 35 немересі 78 шөбере 4 шөпшек сүйіп отыр.