Әр дәріханаға еріктілер бекітілді

Қысқаша

Түркістан облысы Мақтарал ауданына дәрілердің келуін және тиісті мекемелерге дұрыс та

Screenshot_6.png

Түркістан облысы Мақтарал ауданына дәрілердің келуін және тиісті мекемелерге дұрыс таратылуын, дәріханаларда белгіленген бағада сатылуын қадағалау мақсатында Мақтаарал ауданы әкімдігінің жанынан құрылған “Мақтаарал – адалдық алаңы” кеңсесі тынымсыз жұмыс жасауда. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кеңсе тарапынан аудандағы 20 дәріхананың әрбіріне еріктілер бекітіліп, дәріханалардың сапалы қызмет көрсетуін бақылауға алды.

Еріктілер дәрілердің сатылу бағасы, егу бөлмелерінің санитарлық тазалығы, жұмыс жүргізуге берілген рұқсат қағаздарын бақылауға алынған. Сондай-ақ, тауарға берілетін фискальды чек, арақашықтықты сақтау, маскалық тәртіп, залалсыздандыруға арналған антисептик құралдарының болуын қамтамасыз етеді.

Еріктілер ақпараттық қызметті де қоса көрсетеді. Мәселен, дәріханада жоқ дәрінің екінші бір дәріханадан табылатынын тұтынушыларға ақпараттандырады. Ол үшін ватсап желісінен еріктілердің ортақ чаты ашылып, бір-бірімен ақпарат алмасып отырады.

Айта кетейік, күнделікті аудандағы дәріханаларда дәрі-дәрмектерді шектік бағадан асырмау мақсатында "Мақтаарал – адалдық алаңы" кеңсесінің мүшелері дәріханалар мен дүкендерге рейдтік шараларды жүргізіп келеді.

Құрамына санитарлық қызмет мамандары қосылған топ Мырзакент пен Атакент кентіндегі дәріханаларда белгіленген кесте бойынша рейдтер жасауда. Күні кеше болған рейд жұмыстарының барысында 3 дәріханаға ескерту берілді. Атап айтқанда, 2 дәріхананың сатушысы бетперде мен медициналық қолғапты пайдаланбаған, ал 1 дәріхана рұқсат етілмеген егу бөлмесіне пациент қабылдаған.