Рейд кезінде маскасыз жүргендерге ескерту жасалды

Қысқаша

Түркістан облысы Мақтарал ауданының әкімі Бақыт Асанов дәріханалар мен кәсіпкерлік н

41.png

Түркістан облысы  Мақтарал ауданының әкімі Бақыт Асанов дәріханалар мен кәсіпкерлік нысандарды, базарларды аралап, тұрғындар тарапынан карантин режимінің сақталуын тексеріп шықты.Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аудан басшысы Мырзакент кенті мен Атакент кентіндегі дәріханаларда дәрілердің сатылу бағасын, олардың санитарлық тазалығын, тауарға берілетін фискальды чек, арақашықтықты сақтау, маскалық тәртіп, залалсыздандыруға арналған антисептик құралдарының болуын қатаң қадағалап, орын алған кейбір кемшіліктер бойынша бірнеше дәріхананың басшысына ескерту берді.

Рейд жұмыстары барысында Бақыт Насырханұлы азық-түлік дүкендері мен базарларды да аралап, маскасыз жүрген бірнеше тұрғындар мен сатушыларға ауызша ескерту жасады. Сондай-ақ, азық-түлік сататын кәсіпкерлік нысандарда карантин талаптарының дұрыс орындалуын бақылады.

"Қазір көптеген тұрғындарымыз коронавиурс пен пневмониядан қатты зардап шегуде. Осындай қиын кезеңде бір-бірімізге көмек беру үшін карантин режимін қатаң сақтауымыз қажет. Масканы тағып, арақашықтықты сақтап, антисептик құралдарын пайдаланып жүру арқылы - біз бір-бірімізге көмек бере аламыз, көптеген адамдардың өмірін арашалап қала аламыз. Осыны түсінулеріңіз керек!" - деді Бақыт Насырханұлы тұрғындарға.

Айта кетейік, күнделікті аудандағы дәріханаларда дәрі-дәрмектерді шектік бағадан асырмау мақсатында "Мақтаарал – адалдық алаңы" кеңсесінің мүшелері дәріханалар мен дүкендерге рейдтік шараларды жүргізіп келеді. Бүгінгі рейд шарасындағы орын алған кемшіліктер бойынша хаттамалар түзіліп, тиісті шаралар көрілетін болады.