Қашықтықтан оқуға дайынсыз ба?

Қысқаша

1 қыркүйектен бастап Түркістан облысындағы мектептердегі 1-11 сынып оқушылары қашықтан

111.png

1 қыркүйектен бастап Түркістан облысындағы мектептердегі 1-11 сынып оқушылары қашықтан білім алатын болады. Бәрі емес. Кейбір мектептердің оқушылары бұрынғыдай дәстүрлі жүйе бойынша білім алатын болады. Осыған байланысты қазір білім беру мекемелерінде қашықтан білім беруге дайындық қызу жүргізіліп жатыр. 

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаевтың Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтегі мәліметтеріне қарағанда, өңірде бүгінде 910 мектеп болса, ондағы оқушылар саны – 499 535. Айта кетерлігі, 1 сынып оқушылары биыл 1 тамызға дейін eGov.kz порталы арқылы тіркеледі. Сондықтан оқушылар саны арта түспек. Қазіргі таңда 2020-2021 жаңа оқу жылын қашықтықтан оқытуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, оқу процесін ұйымдастырудың түрлері жан-жақты қарастырылуда. 

-Оқу жылындағы бірінші тоқсан шалғайда орналасқан шағын жинақы ауылды мектептерді қоспағанда, облыс аумағындағы барлық мектептерде 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқытылады. Облыста шағын жинақы мектептер саны – 139, ондағы оқушы саны 12 378. Егерде аталған мектептер орналасқан елді мекендерде індеттен қауіп жоқ болса, санитарлық эпидемиялогиялық қызметтің рұқсатымен дәстүрлі түрде оқытылатын болады, - деді басқарма басшысы.