Түркістан әуежайы биыл пайдалануға беріледі

Қысқаша

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласынан 20 шақырым қашықтықта құр

018.png

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласынан 20 шақырым қашықтықта құрылысы жүріп жатқан халықаралық әуежайда болып, ондағы жұмыс барысын бақылады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі аясында «Turkistan International Airport» ЖШС-і тарапынан қолға алынған алып құрылыс алаңында жеке әріптестің 341 маманы мен 106 арнайы техникасы жұмылдырылған.

«Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайды салу, пайдалану және басқару» МЖӘ-нің келісім шарты Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен түзілген. Қазіргі уақытта әуежай құрылысының жолаушылар терминалының металл құрылымдарын монтаждау толық аяқталған.

Жалпы облыс ғана емес туризмнің орталығына айналған Түркістан қаласы үшіне маңызы зор нысан терминалының қабырғаларын қалау жұмыстары - 60% аяқталып, қабырғалардың ішкі-сыртқы қабатын шынымен қаптау жұмыстары басталды. Сондай-ақ, ұшу-қону жолағы, рульдеу жолы мен перронның негізі 100 %, ұшу-қону жолағын асфальттеу - 50% аяқталған. Әуежайдың құрылысы барысында өндірістік жұмыс кестесі сақталуда.  Сонымен қатар құрылысқа қажетті материалдар жеткілікті. Әуежайды 2020 жылдың соңына аяқтап, қолданысқа енгізу жоспарлануда. Түркістан облысының бірінші басшысы Өмірзақ Шөкеев нысан басындағы құрылыс жұмыстарымен танысып, әуежай құрылысын сапалы әрі өз уақытында атқарылуын тапсырды.