Қауіпті індетпен бірге күресейік

Қысқаша

Түркістан облысы Арыс қаласында коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген каран

017.png

Түркістан облысы Арыс қаласында коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантин режимінің талаптарының сақталуын бақылау мақсатында кезекті рейд ұйымдастырылды. 

Арыс қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейд барысында қаладағы дәріханаларда санитарлық нормалардың сақталуы, дәрі-дәрмектің шектік бағадан аспауына қадағалау жүргізді. Сонымен қатар, бірқатар кәсіпкерлерге ескертпелер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мобильді топ дәріханашылар мен тұрғындарға қоғамдық орындарда коронавирус инфекциясын жұқтырмау үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес берді.

-Құрметті қала тұрғындары! Қазір бүкіл әлем, барша Қазақ елі күрделі кезеңді бастан өткеріп отыр. Осы орайда барлығымыз бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен бірге күресуге атсалысуымыз қажет. Ол үшін барлық карантиндік шектеулерді сақтап, қоғамдық орындарға себепсіз шықпай, үнемі бетперде тағып, антисептик қолданып, мүмкіндігінше үйде болуларыңызды сұраймыз!-делінген Арыс қаласы әкімдігінің таратқан үндеуінде. 

Айта кетері, қазіргі уақытта обылстың аудан, қалаларында мобильді топтар күндіз-түні жұмыс істеуде. Бұл топтар науқастарды ерте анықтап, ерте ем тағайындайды немесе ауруханаға жататын науқас болса тез арада жолдама береді.

Бұдан бөлек, барлық аудандарда карантиндік режимнің сақталуы мен сақтық шараларын түсіндіру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Дегенмен, облыс бойынша төтенше жағдай режимін бұзған (той, отбасылық мерекелер өткізу және т.б.) - 1039 жағдай анықталып, оның 320-не айыппұл салынса, 96 азамат қамауға алынған.