Бразилиядан жаңа технологиямен жұмыс істейтін техникалар алдырды

Қысқаша

Өткен күзде Қазығұрт ауданындағы «Сапа-2002» ЖШС-нің директоры Нұржан Әшіров Бразилияда

image.png

Өткен күзде Қазығұрт ауданындағы «Сапа-2002» ЖШС-нің директоры Нұржан Әшіров Бразилиядан жаңа технологиямен жұмыс істейтін техникалар алдырды. «PAMPEANA 20000» сеялкасы өңделмеген жердің өзіне тұқымды 4-5 см. тереңдікке тастайды. Бұл сеялка аммафос тыңайтқышын топыраққа тұқыммен бірге бірден араластырып тастайды. Яғни бір жүріп өткенде әрі дән себеді, әрі жер қопсытатын дәрі егеді.

Жаңа технологиямен жұмыс істеп жатқан серіктестікте ауыспалы егіншілік те бір жолға қойылған. Бірінші жылы мақсары, екінші жылы бидай, үшінші жылы қайтып мақсары, содан соң қайтадан бидай болып ауысып отырады. Бесінші жылы жоңышқа егіп жерді құнарландырып алады.

Серіктестік басшысының айтуынша, «PAMPEANA 20000» сеялкасы жер таңдамайды. 

«Алдағы уақытта біз рапс немесе зығыр өсімдіктерін де ауыспалы егіншілікке кіргізуді жоспарлап отырмыз. Бидай тұқымымен араластырып себілетін аммофос тыңайтқышы жердің құнарлылығын арттырып, бидайдың өнімділігін жоғарылатып қана қоймай, топырақтың құрылымын да өзгертеді. Тастай қатты жерлердің өзі бұл тәсілден кейін борпылдаған қоңыр топыраққа айналып шыға келеді. Біз осы «No-Till» немесе нольдік технологияны қолдану арқылы өнімділікті арттырып отырмыз» дейді Н.Әшіров.