Ордабасылықтар «Қамқорлық» бағдарламасының игілігін көруде

Қысқаша

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің жыл басындағы тапсырмасына сәйкес Ордабасы ауданы аумағында «

image.png

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің жыл басындағы тапсырмасына сәйкес Ордабасы ауданы аумағында «Қамқорлық» бағдарламасы қолға алынған болатын. Аталмыш бағдарлама шеңберінде ауданда әлеуметтік қолдауды қажет ететін 105 отбасы анықталды. 

Бұл отбасыларды қиын жағдайдан шыққанға дейін сүйемелдейтін белсенді 86 куратор бекітіліп, жұмыстар басталып кетті. Соның нәтижесінде бүгінге дейін тұрмысы төмен отбасыларға 10 тонна ұн, 1,6 тонна күріш, 1 685 кг қант, 1,6 тонна макарон өнімдері, 1359 литр сұйық май, 395 келі ет, 890 келі көкөніс, 280 000 теңгеге қаржылай көмек берілді. 

Мәселен, Қарақұм ауыл округіндегі отбасыға тұрғын үй (1 500 000 теңге көлемінде) тұрмыстық-техникалық заттарымен бірге сатып әперілді. Сондай-ақ, Бөген, Төрткүл, Шұбарсу, Бадам елді мекеніндегі жағдайы төмен отбасыларға да қаржылай және заттай көмектер көрсетілді. 

Тағы бір айта кетерлігі, шаңырақтағы еңбекке жарамды жандарды жұмысқа орналастырып, болашақта олардың ел қатарына қосылып кетуіне мүмкіндік туғызды. Бөген, Бадам ауыл округіндегі екі отбасыға келісімшарт негізінде тұрғын үйдің іргетасы қаланып, әрқайсысына 20 000 күйдірілген қыш түсірілсе, тағы бір отбасыға тұрғын үй салу үшін жер берілді.